Основная информация

Сағыныш мені жетелеп өткенді аңсап еске алдым,
Балалық балғын сол бір кез ойыма менің оралды.
Аңсадым өткен күндерді алаңсыз біздер өткерген,
Балылық балғын дәуренді шаттықпен біздер өткерген.

Келемін беттеп ауылға, алыстан сапар шегіп мен,
Қауышқым менің келеді туған жер туған еліммен.
Қырғада шыққым келеді аулыма әсем сән берген,
Көз салып көргім келеді айдың көл дала жерімді.

Жүрегімде бар бір сезім сөзбенен айта алмайтын,
Толқума әлде білмедім жанымды баурап барады.
Өткенді ескеап санамда, іздеймін күннің шуағын,
Есіме түссе жайсыз кез, жүрегім сыздап қалатын.

Сағыныш мынау сарғайған жетелеп мені келеді,
Ауылдың көріп төбесін қуаныш жүрек кернеді.
Түсе сап мына көліктен жусанын алдым даланың,
Құмарланып мен иіскеп жанарға тамшы оралды.

Алыста жүріп шалғайда сағынып қаптым жерімді,
Ағайын туыс барлығын алты алаш мына елімді.
Тау тасы маған ыстық боп жанарыма жас оралды,
Тоқтата алмай өзімді ырқына жасты жібердім.

Сағыныш жасы бұл менің бұлақтай ақан жанардан,
Бетімді менің ол шайып өткен күндерді еске алдым.
Ел жерді көріп жасарып еңсемді қалқам көтердім,
Сүруге өмір құштар боп жерімде қалқам мен тұрдым.

Түсірдім бала күндерді сай сала қуып жүгірген,
Асықта ойнап таласып, доптыда қуып бір жүрген.
Ауылдың маңын думанғып жатушы еді ауыл балары,
Үлкендер шығып қыр басы әңгіме дүкен құрушы еді.

Кеш бата қайтып өрістен малдары оның жататын,
Қозы лақ қойлар жамырап қарбалас болып жататын.
Қазанда қайнап кешкі ас, ошақта оттар жанатын,
Дастархан әр үй мәзірлеп, мәре сәре болып жататын.

Ыстық қой соның барлығы айналдым сенен туған ел,
Өзіңде жүріп есейіп,өзіңде жүріп мен өскем,
Тал терек мына сенде өскен куә ғой соның бәріне,
Айлы аспан мына ауылым куә ғой соның бәріне.

Сағыныш сазды әуені тербеткен менің жанымды,
Өзіңе деген туған ел айтарым көп қой бір менің.
Өзіңде өскен бір балаң сағынышпенен оралды,
Жүректен айтқан бұл жырды өзіңе аулым арнадым.

Параметры группы

Қайыңдым - туған жерім,өр биігім!!!
Страна: Казахстан
Город: Актобе
Тип группы: Открытая группа
Членство в группе: Доступно всем
Возрастные ограничения: нет
Количество подписчиков: 99
Ссылка на соц.сеть: club84508862
Статус: нет данных

Участники и подписчики

Какимов Медет, Казахстан, Актобе
Медет Какимов
Казахстан, Актобе, 38 лет

Правовая информация

Представленная здесь информация получена из общедоступного открытого источника.
Сайт не несет ответственность за достоверность и актуальность данной информации.

Если вы администратор группы «Қайыңдым - туған жерім,өр биігім!!!» или являетесь его законным представителем, вы можете удалить эту страницу.